Ел тынысы
«NOMAD» клубы тазы туралы деректі фильмді таныстырды

Бүгін — Тазы күні! Осыған орай «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы» қоғамдық қоры «Тазы, как путь постижения смыслов» деректі фильмін ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тазы — көне қазақ тазысы, Ұлы Даланың еркіндігі мен қуатының символы, Қазақстанның ұлттық қазынасы. Бұл асыл тұқым ғасырлар бойы көшпенділердің серігі болып, олардың рухы мен табиғатпен байланысын бейнелеп келеді.