Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуге өтінім қабылдаудың басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Өтінім қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №127 бұйрығымен бекітілген Аккредиттеу жүргізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімдер 2026 жылғы 2-13 ақпан аралығында (қоса алғанда) қабылданады.
Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:
• аккредиттеу комиссиясының материалдарды қарау уақыты – 15 жұмыс күні;
• аккредиттеу туралы куәлік беру немесе дәлелді бас тарту жолдау – 5 жұмыс күні.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 550-443 телефон нөмірі, b.saidilla@astana.kz электронды поштасы арқылы, сондай-ақ көрсетілген сілтеме бойынша алуға болады.