Қазақстанда 2019 және 2026 жылдардың алғашқы тоқсанындағы негізгі экономикалық көрсеткіштер салыстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы кезеңде жан басына шаққандағы ЖІӨ, халықаралық резервтер мен ең төменгі зейнетақы өсті, ал таза сыртқы қарыз төмендеді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ теңгемен өсті, яғни 715,5 мыңнан 1 млн 661,6 мың теңгеге дейін 2,3 есе артты.
Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2019 жылдың бірінші тоқсанында 36 108 теңгеден 2026 жылдың бірінші тоқсанында 69 049 теңгеге дейін ұлғайды. Өсім 1,9 есе болды.