19 тамызда «Басты дебат» «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz телеарнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл дебат – барлық жеті партия төрағасы алғаш рет бір студияда жүздесетін саяси пікірталас. Телевизиялық пікірсайыста елдің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері талқыланады. Партия көшбасшылары нақты ұсыныстарын ортаға салады.
Теледебатта Call-орталықтан келген сұрақтар партия көшбасшыларына қойылады. Партия төрағалары еліміздің әр өңіріндегі қазақстандықтармен байланысқа шығады. Агенттігінің өңірлердегі тілшілері оқиға ортасынан ақпарат таратып, әр аймақ тұрғындарының сауалын партия жетекшілеріне жолдайды.
Саяси телевизиялық пікірсайыстың өткізілетін уақыты: «24KZ» телеарнасының тікелей эфирінде 19 тамыз сағат 20:00.