Зауыт қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты

Зауыт қызметкерлері экологиялық акцияға қатысты
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында TAZAU тазарту құрылыстары зауытының қызметкерлері Астанадағы №1 Индустриялық парк аумағында сенбілік өткізіп, ағаш отырғызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Экологиялық акцияға 40-тан астам адам қатысты. Олар 70-тен астам ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

«Мұндай іс-шараларға қатысу аумақты абаттандырып қана қоймай, қаланың дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді «Astana Invest» қаланы дамыту және инвестициялар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Сәбит Мұхамеджанұлы.

TAZAU зауытының қызметкерлері де бірлескен жұмыстың және экологиялық бастамалардың маңызын атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай шаралар қоршаған ортаға және елорданың болашағына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan