Жастарды қолдау - елдің келешегіне жасалған маңызды қадам. Білім алу, алғашқы жұмысқа орналасу, тәжірибе жинақтау және өз қабілетін көрсету — жас адамның қалыптасу кезеңіндегі маңызды міндеттер. Осы бағыттарда қажетті жағдай жасалса, жастардың еңбек нарығына бейімделуі де жеңілдей түседі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазір кәсіби біліммен қатар цифрлық сауаттылық, жаңа технологияларды меңгеру және өз бетінше шешім қабылдау қабілеті де қажет. Жастарға тәжірибеден өтуге, кәсіби дағдыларын дамытуға және қоғамдық жобаларға қатысуға көбірек мүмкіндік берген жөн. Бұл олардың өз күшіне сенуіне және қоғамның дамуына белсенді үлес қосуына жол ашады.