Астана қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жанынан құрылған «Сабақтас» республикалық күміс волонтерлер қозғалысы өкілдері қала әкімдігінің “Жансая” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, Балаларды оңалту орталығына барып, “құпия”демеушінің сыйлығын табыстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуде Ләззат Өтеғұлова жетекшілік ететін «Сабақтас» республикалық күміс волонтерлер қозғалысының «Күміс ғасыр» жобасы аясында атқарылған жұмыстары баяндалды. Бұл қозғалыс өкілдері волонтерлікті пандемия кезеңінде көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарт азаматтарға азық-түлік пен киім-кешек жеткізуден бастады.

Уақыт өте келе бұл бастама ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған кең ауқымды жобаға айналды.
