Астана қаласында өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және патриоттық тәрбиені күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Осы бағытта Тұрар Айбергенова атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің "Жас сақшы" сыныбында Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Ә.Б. Банудың қатысуымен танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Полиция өкілі оқушыларға заң талаптарын сақтау әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар келтірді. Жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыпта пікір алмасты.
"Жас сақшы" сыныптарымен жұмыстың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, заңға және қоғамдық тәртіпке құрметті қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.