Байқоңыр ауданы бойынша "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 30 күндік алдын алу іс-шаралары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шаралар кешені бірлескен рейдтер, профилактикалық әңгімелер жүргізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуын анықтау жұмыстарын қамтиды. Аудан прокуратурасы полиция басқармасы және әкімдікпен бірлесіп, халықтың денсаулығын сақтау және есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Көлік саласына басты назар аударылады, яғни қала аумағына басқа қалалардан келетін автомобильдер тексеріліп, қала қонақтары мен автокөлік иелеріне заңсыз тасымалдау қаупі түсіндірілді.