«Заң түні» әлеуметтік акциясы өтеді

«Заң түні» әлеуметтік акциясы өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 29 шілде күні «Заң түні» атты әлеуметтік акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында (Н.Тілендиев даңғылы, 12а) өтеді.

Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік органдардың, Астана қаласы прокуратурасының және уәкілетті органдардың аумақтық департаменттері өкілдерінен құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады.

Мамандар азаматтарды толғандырған құқықтық сауалдарға жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.

#законипорядок #заңментәртіп