Заң мен тәртіп – әр отбасының ортақ жауапкершілігі

Заң мен тәртіп – әр отбасының ортақ жауапкершілігі
фото: видеоскрин

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері коворкинг орталықтарында, компьютерлік клубтарда, демалыс орындарында, аулаларда және Есіл өзенінің жағалауында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуын анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Полиция еске салады: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеуге міндетті.

Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты міндеті.