«Жаяу жүргінші, назар аудар!» акциясы өтуде

«Жаяу жүргінші, назар аудар!» акциясы өтуде
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада 14-16 қыркүйек күндері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жаяу жүргіншілердің жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алуға бағытталған «Жаяу жүргінші, назар аудар!» профилактикалық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияны Астана қаласының Полиция департаменті қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Акция аясында білім беру ұйымдарында профилактикалық дәрістер мен түсіндіру жүргізіліп жатыр. Оқушыларға жолда қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ жолдың жүріс бөлігін кесіп өту кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі түсіндірілуде.

Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жолдан қауіпсіз өтуге қатысты негізгі ережелер жазылған ақпараттық брошюралар таратылып жатыр.
Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жолда мұқият болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.