«Ұмай» ипотекасы 31 тамызда іске қосылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұған дейін белгісіз боп келген жылдық ставка — 14,8%.
Өтінімді қалай беруге болады?
Несие алуға өтінімді қашықтан берген ыңғайлы болады деп есептейді Отбасы банк.
Ол үшін Отбасы банктің сайтында екі жол бар:
1. «Бейнеқызмет көрсету» сервисі
2. Baspana Market-тегі (otbasybank.kz) жеке кабинет
Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Өтінімді онлайн берген кезде электрондық құжаттар болса жеткілікті.
Үшінші жолы: Өтінімді банк бөлімшесіне барып беру.
Клиент өзінің төлем қабілетін растауы үшін соңғы 6 айдағы ресми табысын көрсетеді. Бағдарламаның өзіндік талабы бар, соған сәйкес, отбасының (ерлі-зайыптының) орташа айлық таза табысы (екеуінің ақшасын қосқанда) 1 250 000 теңгеден аспауға тиіс.