Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда
фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылдың басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылды, 3 жасырын зертхананың әрекетінің жолы кесілді.

Барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар, сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, 21 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді.

Аталған құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен ҚР 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталды.

Шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысының әрекетінің жолы кесілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.