Тұтынушы құқығын қорғайды

Тұтынушы құқығын қорғайды
фото: Астана қаласының әкімдігі

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2026 жылдың 7 айындағы жұмысты қорытындылады. Департамент ішкі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында мемлекеттік саясатты, реттеу мен бақылауды іске асырады. Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еркебұлан Тағашовтың айтуынша, биыл 7 айда департаментке азаматтардан 7 854 өтініш түскен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның ішінде 7 356 өтініш-"E-Otinish"ақпараттық жүйесі арқылы, 55 өтініш – Telegram-бот арқылы түссе, азаматтарды жеке қабылдау барысында тұтынушылардың 222 мәселесі қаралды және 182 тұтынушы «жедел желі» телефоны бойынша кеңес алды.

       Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 620 тұтынушыға құқықтық түсініктемелер берілді, 1 622 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды, 2 016 өтініш бойынша тұтынушылардың мәселелері оң шешілді. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы сомасы 324,0 млн теңгеге ақшалай қаражат қайтарылды, 525 өтінішті қарау тамызға ауысты.

       Өтініштердің негізгі бөлігі келесі салаларға тиесілі: электрондық сауда – 1 665 өтініш; бөлшек сауда – 1 599 өтініш; тұрмыстық қызметтер – 754 өтініш; білім беру қызметтері – 763 өтініш; медициналық қызметтер – 712 өтініш; байланыс қызметтері – 420 өтініш; қоғамдық тамақтану – 321 өтініш; тұрғын үй-коммуналдық қызметтер – 161 өтініш; өзге салалар – 1 459 өтініш (туристік, қаржылық және көліктік қызметтер, риэлторлық қызметтер және тұрғын үй сатып алу кезінде брондау қызметтері, Құрылыс және жөндеу жұмыстары, сондай-ақ қызметтердің басқа түрлері).

      Сауда саласындағы бұзушылықтарға және тұтынушылардың құқықтарын бұзуға байланысты өтініштерді қарау нәтижелері бойынша тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 104 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 3 153 062 теңгеге айыппұл салынды, сауда қызметін жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын бұзғаны үшін 134 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 1 857 587 теңгеге айыппұл салынды, 29 кәсіпкерге тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жолданды, стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 6 ұйғарым жолданды. Аталған ұсынымдардың орындалуы Департаменттің бақылауында. 2025 жылғы 15 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін «ескерту» жазасы алынып тасталды. Енді бірінші бұзушылық кезінде де кәсіпкерге әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Тұтынушылардың құқықтары туралы ақпараттық материалдар Департаменттің әлеуметтік  желілердегі Instagram @dtzpp.Astana ресми парақшасында, сондай-ақ Facebook-тегі ресми парақшасында үнемі жарияланады.