Түнгі рейдке шықты

Түнгі рейдке шықты

Астананың Нұра ауданында полиция және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Рейд барысында кәмелетке толмағандар арасында ҚР заңнамасын бұзу бойынша 8 факті анықталды.

Барлық заңды өкілдер ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни кәмелетке толмағандар түнгі уақытта ересектерсіз жүрген. Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан ИВИ, БХБ және "Хан Шатыр" түнгі мекемелерінде тексеру жүргізілді.

"Құрметті ата-аналар, сақ болыңыз! Балалардың қауіпсіздігі мен бақылауы біздің ортақ жауапкершілігіміз екенін еске саламыз",-дейді полиция қызметкерлері.