Платформа облыстар, аудандар, нақты колледждер және білім беру бағдарламалары бойынша икемді жүйемен жабдықталған.

«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел бойынша барлық деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар үшін де, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта орналастырылған. Пилоттық жүйені іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.