Шығыс Қазақстан Астанаға жол тартуда

Шығыс Қазақстан Астанаға жол тартуда
фото: Астана қаласының әкімдігі

25–26 шілде күндері Астанада Creative Aimaq креативті индустриялар көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл алаңда Шығыс Қазақстан облысы өзінің үздік шығармашылық жобаларын, жергілікті брендтерін, қолөнер, мәдениет пен туристік әлеуетін таныстырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елордалықтар үшін театрландырылған қойылым, Шығыс Қазақстанның үздік өнерпаздарының концерттік бағдарламалары, Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтар, интерактивті VR-аймақтар, Шығыс Қазақстан облысының көркем туристік аймақтарының біріне екі адамға арналған туристік жолдаманың ұтыс ойыны ұсынылады. 

Іс-шара Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайда өтеді. 

Шығыс Қазақстанның таланттарымен танысып, жаңа жергілікті брендтерді ашып, креативті атмосферадан шабыт алыңыздар!

Шығыс Қазақстанның креативті әлемін бірге ашайық!