Елімізде қабылданған жаңа Су кодексінде су саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Құжат 10 маусымнан бастап күшіне енеді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Алмас Мұсабеков бүгінде судың «көлеңкелі» нарығымен белсенді күрес жүргізіліп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғы қондырғысын анықтады. Тексеру нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.