Су ресурстары және ирригация министрлігі 1,3 млн адамды ауыз сумен қамту үшін 2500 шақырым су құбырын салып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары.
Барлық жоба жүзеге асқанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
🗣
«Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты»,
– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.15413:23