Робот-иттер құқық бұзушыны анықтады

Робот-иттер құқық бұзушыны анықтады
фото: polisia.kz

Елімізде қоғамдық тәртіпті күзетуге жасанды интеллектпен жабдықталған робот-иттер пайдаланыла бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, робот-иттер Балқаш және Теміртау қалаларында Металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар барысында нақты жағдайда сыналып, өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.

«Іс-шаралардың басты жа­ңалығы – жасанды интеллект жүйесімен жабдықталып, полицияның ақпарат дерек­қорымен толық ықпалдасқан қызметтік робот-ит. Ол нақты уақыт режимінде полицияның іздеуінде немесе бақылауындағы адамдарды бет-бейнесі арқылы автоматты түрде анықтай алады. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу, күдікті тұлғаларды жедел анықтау және полицияның әрекет ету тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді» делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомствоның мәліметін­ше, жаңа технология алғаш­қы сынақтың өзінде нақты нәтижесін көрсетті. Қызмет барысында робот-иттің көмегімен төрт құқық бұзушылық анықталды. Бұған дейін робот-иттер Астана, Алматы және Ақтау қалаларында қоғамдық тәртіпті қадағалауға қолданылған еді.