Құрылтай Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады

Құрылтай Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады
фото: Aqorda

Бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Вице-президент лауазымына ұсынылған Ерлан Қариннің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айта кетейік, Вице-президентті Президент тағайындайды. Бірақ оған Құрылтайдың келісімі керек. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. 

Ерлан Тынымбайұлы Қарин осыған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Білімі:

— Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді. «Тарих және география пәнінің мұғалімі» біліктілігі берілді (1996 ж);

— Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын бітірді (1999 ж).

Еңбек жолы:

— Ақтөбе қаласының № 33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі (1996 ж);

— Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары (1998 ж);

— Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры (2000 ж);

— ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2002 ж);

— Республикалық «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Заманауи саясат халықаралық институтының бас директоры (2003 ж);

— Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы (2004 ж);

— Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі (2006 ж);

— ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2008 ж);

— «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму бойынша хатшысы (2008 ж);

— Вашингтондағы (АҚШ) Америка университетінің арнайы шақырылған профессоры (2013 ж);

— ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (2014 ж);

— «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (2017 ж);

— ҚР Президентінің кеңесшісі (2019 ж. сәуір — 2020 ж. шілде);

— ҚР Президентінің көмекшісі (2020 ж. шілдеден бастап);

— ҚР Мемлекеттiк хатшысы (2022 ж);

— ҚР Мемлекеттік кеңесшісі (202 ж).