Құрылтай депутаты: Таза Қазақстаннан – жасыл планетаға

Құрылтай депутаты: Таза Қазақстаннан – жасыл планетаға
фото: жеке мұрағатынан

Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай "Таза Қазақстан" экологиялық бастамасы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-Әдеттегідей, биыл да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында әріптестеріммен бірге ағаш отырғыздық.

Ағаш отырғызу – бір күндік акция емес. Бұл – туған жерге деген жанашырлықтың, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің және келер ұрпақ алдындағы міндетіміздің көрінісі. Бүгін отырғызған әрбір көшетіміз ертең қаламыздың көркіне айналып, кейінгі буынға сая болсын деген ниет бар.

Ең қуаныштысы – Қазақстанда басталған экологиялық идеяның бүгінде халықаралық деңгейде қолдау тауып келе жатқаны. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен 22 сәуірді Планетаны көгалдандырудың халықаралық күні ретінде белгілеуді ұсынған болатын. Бұл бастама әлем елдерін табиғатты қорғау мен көгалдандыру жолындағы ортақ іске жұмылдыруға бағытталған.

Тазалық – ауладан, көгалдандыру – бір талдан, ал үлкен өзгеріс әрқайсымыздың кішкентай қадамымыздан басталады,- дейді ол.