Қазақстанда «Құрметті донор» төсбелгісі ресми түрде бекітілді

Қазақстанда «Құрметті донор» төсбелгісі ресми түрде бекітілді
фото: kvd.by

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қан донорларына арналған «Құрметті донор» төсбелгісі ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 2026 жылғы 2 шілдедегі №575 қаулыға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес елімізде қан донорларына арналған жаңа ведомстволық марапат – «Құрметті донор» төсбелгісі ресми түрде енгізілді.

Аталған шешім арқылы Үкімет көп жылдан бері көтеріліп келген мәселенің оң шешімін тауып, адам өмірін құтқару жолында тұрақты әрі өтеусіз қан тапсырып жүрген қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірді.

Соңғы 17 жыл бойы донорларға арналған жеке марапат болмағандықтан, олар дәрігерлер мен қоғам қайраткерлеріне арналған ортақ медициналық медальға ғана үміткер болып келді. Енді олардың ізгі әрі жанқиярлық еңбегі ерекше бағаланып, қоғамдағы айрықша мәртебесі арнайы төсбелгімен айқындалды.