Қазақстан Ташкенттегі FEI турнирінде көш бастап келеді

Қазақстан Ташкенттегі FEI турнирінде көш бастап келеді

Бүгін күннің алғашқы жартысында Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін тағы бір жарқын нәтижемен қуантты – алтын жүлде. Ұлттық құраманың қоржынына Олег Соколенко мен оның тұлпары SHENANIGAN сенімді өнер көрсетіп, 125 см биіктіктегі маршрутта алтын медаль салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құрамамыз халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейі мен шынайы шеберлігін көрсетуде. Әрбір медаль – күнделікті еңбектің нәтижесі, ал әрбір жеңіс – команданың бірлігі, төзімділігі мен алға қойған мақсатқа жетуге деген талпынысының айқын дәлелі.

Еске салайық, 2026 жылғы 23–26 сәуір аралығында Ташкент қаласында Халықаралық ат спорты федерациясының (Fédération Équestre Internationale — FEI) қолдауымен халықаралық турнир өтуде. Жарыс бағдарламасына кедергілер биіктігі 120-дан 155 см-ге дейінгі маршруттар енгізілген.

Кеше, жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша да қазақстандық спортшылар жоғары нәтижелер көрсетті.

120 см маршрутта:

Бекжан Байжанұлы (KING DIAMOND) – 1 орын

Олег Соколенко (SHENANIGAN) – 3 орын

Ислам Исламов (CLASSICA STAR) – 6 орын

140 см маршрутта (World Cup Grand Prix Qualifier):

Ксения Баталова (LADY DI) – 1 орын

Олег Соколенко (CINDERELLA) – 2 орын

Нурила Турисбекова (QUIBELLE VAN D’ABELENDREEF) – 3 орын

Раиса Соколенко (URAN – NAD WIGRAMI) – 5 орын

Алда негізгі жарыстар күтіп тұр, соның ішінде 26 сәуір күні өтетін FEI Jumping World Cup™ Grand Prix «Eurasian League» кезеңі бар. Қатысушылар кедергілер биіктігі 155 см-ге дейінгі маршрутта бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының сапында: Олег Соколенко, Ислам Исламов, Даяна Онаева, Аян Ғани, Ясмин Ибрагимова, Бекжан Байжанұлы, Азамат Хассенов, Нурила Турисбекова, Раиса Соколенко, Шыңғыс Мәлікжандар, Ксения Баталова, Жаннет Чайжунуссова.