Qazaq Creative Hub: Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтті

Qazaq Creative Hub: Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Atyrau Creative Days – Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өтті,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Екі күндік іс-шарада өңірден келген 20-ға жуық шебер өз жұмыстарын Астана тұрғындары мен қонақтарына ұсынды. Іс-шараның ашылуына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысып, өңірдің шығармашылық индустрия өкілдерінің жұмыстарымен танысты. Вице-министр жәрмеңкеде ұсынылған қолөнер бұйымдары, дизайнерлік жұмыстар мен авторлық жобаларды аралап көріп, атыраулық креаторлардың еңбегіне назар аударды.

Atyrau Creative Days бағдарламасы жәрмеңкемен шектелген жоқ. Екі күн ішінде көрме, сән көрсетілімі, театрландырылған қойылым, 3D технологияларға арналған жобалар және Creative Talks форматындағы кездесулер өткізді. Creative Talks алаңында креативті индустрияның қазіргі бағыты, жаңа идеялар мен шығармашылық кәсіптің мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесулер сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына және жаңа байланыстар орнатуына мүмкіндік береді.