Елордалық құтқарушылар қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Құтқарушылар күні қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан Саят Әбеев пен Руслан Какишевтің жұбайлары, жақындары да қатысты. Олар құтқарушылармен бірге өзгенің өмірін сақтап қалу жолында жанын қиған батырлардың рухына тағзым етті.
Қатысушылар қаза тапқан әріптестерінің ерлігіне, жанқиярлығына және кәсіби борышына адалдығына құрмет көрсетті.