Құтқарушылар күніне орай жарыс өтті

Құтқарушылар күніне орай жарыс өтті
фото: видеоскрин

Елордалық гарнизонда Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған «Газ-түтіннен қорғау қызметінің үздік буыны» атағына арналған жарыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қатысушылар жоғары кәсібилік, төзімділік, іс-қимылдардың үйлесімділігін және төтенше жағдайларда тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсетті.

 ЖАРЫС НӘТИЖЕЛЕРІ:
I орын — № 16 өрт сөндіру бөлімі
II орын — № 10 өрт сөндіру бөлімі
III орын — № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

ҚАУІПСІЗДІК ПОСТЫНЫҢ БЕКЕТШІСІ —  Нұрлыбай Аманжолұлы, № 17 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты.

- Күш — кәсібилікте! Жеңіс — командалық жұмыста! Біздің мақсатымыз — адам өмірін құтқару! Жеңімпаздарды және жарыстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз!-дейді Нұрлыбай Аманжолұлы.