«Елорда тұрғындарының бастамашыл топтарын қолдау» жобасы аясында «Қауымдастықтағы медиация және қақтығыстарды шешу» тақырыбында шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қатысушылар медиацияның негізгі қағидаларымен, конструктивті диалог жүргізу және даулы жағдайларды шешу жолдарымен танысты. Нақты өмірлік жағдайлар талқыланып, қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.
Шеберлік сабағын заңгер, медиатор Асель Мулдагалиева жүргізді.
Іс-шараның арнайы қонағы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гүлім Мұхамеджанқызы. Ол қатысушыларға қысқаша сөз сөйлеп, құқықтық сауаттылықтың, ашық диалогтың және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.