Мемлекетке қайтарылған қаражат ең жоғары стандарттарға сай спорттық нысандар салуға бағытталуда. Бұл азаматтарға, әсіресе балаларға бұқаралық спортпен айналысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ақмола облысында халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін көпфункционалды спорт кешені, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі салынды және пайдалануға берілді.
Астанада жаңа жабық заманауи футбол стадионының құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ «Қазақстан» спорт сарайын реконструкциялау басталды.
Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.