ҚТЖ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және бүкіл ел бойынша Қ»ауіпсіз темір жол» акциясын өткізу шеңберінде жолаушылар пойыздарында қол жүгі мен габаритті емес заттарды тасымалдау ережелерін жолаушыларға түсіндіреді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Стандартты вагондарда жолаушы салмағы 35 кг-ға дейін және өлшемі 100 × 50 × 50 см-ден аспайтын қол жүгін тегін алып жүре алады.
Talgo вагондарында және соған ұқсас вагондарда салмағы 25 кг-ға дейін және өлшемі 70 × 40 × 40 см-ден аспайтын тегін қол жүгіне рұқсат етіледі.
Электр қозғалтқышы жоқ велосипедті, балалар арбасын және байдарканы бөлшектелген және оралған түрде қол жүгіне арналған орынға сыйса, тасымалдауға болады. Бұл ереже Talgo вагондарына қолданылмайды.
Өлшемдері қол жүгінің белгіленген нормаларынан асатын заттар габаритті емеске жатады. Оларды багаж ретінде алдын ала ресімдеу керек. Тасымалдау пойыздың түріне және оның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты багаж бөлімінде немесе әмбебап багаж вагонында жүзеге асырылады. Жолаушылар вагондарында шаңғыларды тасымалдауға жол берілмейді.
ҚТЖ еске салады: багаж жолдарды, есіктерді және жолаушылар орындарын бөгемеуі не басқа жолаушылар үшін кедергілер тудырмауы тиіс.
Бұдан басқа, қол жүгінің артық мөлшері анықталған жағдайда жолаушыларда оны қосымша ақыға «Тальго» жолаушылар пойыздарындағы багаж вагонына тапсыру мүмкіндігі бар:
- №67/68 «Нұрлы жол – Өскемен»;
- №9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2";
– №81/82 «Нұрлы жол жол – Орал»;
- №65/66 «Нұрлы жол – Қызылорда».
Сапар алдында багаждың нақты түрін тасымалдау шарттарын алдын ала анықтап алу ұсынылады. Қосымша ақпаратты тәулік бойы тегін 1433 нөмірінен алуға болады.
Багажды және қол жүгін тасымалдау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген.