Пара хоккейден Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астана қаласындағы «Тарлан арена» спорт кешенінде 26 қыркүйек күні сағат 10:00-де тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара хоккейден ел біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді.
Чемпионаттың матчтары сағат 8:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады.
Турнирге Астана, Ақтөбе және Қарағанды қалалары мен Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарының командалары қатысады.
Айта кетейік, пара хоккейден Қазақстан Республикасының чемпионаты 27 қыркүйекке дейін жалғасады.