Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп, Отбасы күніне орай «Отбасы – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің бастауы» атты скандинавиялық жүрістен спорттық-сауықтыру марафоны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және тұрғындар арасында белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру.

Марафон барысында қатысушылар скандинавиялық жүріспен айналысып, таза ауада уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күймен пайдалы әрі белсенді демалыстың үлгісін көрсетті.

Мұндай іс-шаралар денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір салтын ұстануға және қатысушыларды ортақ отбасылық әрі спорттық құндылықтар төңірегінде біріктіруге ықпал етеді.

Отбасы – бақыт пен берекенің бастауы, ал денсаулық – белсенді әрі толыққанды өмірдің негізі.