Құрылтай депутаты Аяужан Әшімова Президенттің «Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады» деген сөзі ерекше әсер еткенін жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
- Президентіміз 22 сәуірді “Халықаралық жер шарын көгалдандандыру күні” деп жариялауды БҰҰ Бас Ассамблеясының 80 сессиясында ұсынған және “әркім өзінен бастауы керек” деген ұстаныммен, елімізде көгалдандыруға, қоршаған ортаны аялауға көп көңіл бөлініп отыр.
Мемлекет басшысы еріктілер мен жастардың еңбегін ерекше атап өтті. Президенттің «Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады» деген сөзі маған ерекше әсер етті.
Шын мәнінде, отаншылдық — үлкен сөздерден емес, күнделікті жасайтын қарапайым игі істерден көрінеді. Өз аулаңды таза ұстау, ағаш отырғызу, мұқтаж жанға көмектесу, қоғамның дамуына үлес қосу — мұның бәрі елге қызмет етудің нақты көрінісі.
Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен бірге ағаш отырғыза отырып, осы сөздердің мәнін тағы бір сезіндік.
Еріктілік — тек көмек көрсету емес. Бұл — жауапкершілік, азаматтық ұстаным және туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік.
Осындай белсенді, ел болашағына бейжай қарамайтын жастарымыз көп болсын, - дейді ол.