Орталық Азия жастарын біріктіретін волонтерлік форум өткізу ұсынылды

Орталық Азия жастарын біріктіретін волонтерлік форум өткізу ұсынылды
фото: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы «Орталық Азия – игі істердің ортақ мекені» ұранымен Жастардың волонтерлік форумын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл бастама волонтерлік қозғалысты дамыту арқылы өңір елдері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Форум жастарды өзара көмек, азаматтық жауапкершілік және орнықты даму қағидаттары төңірегінде біріктіретін бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысының үлгісі ретінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын атап өтіп, оның тәжірибесін өңірлік деңгейде кеңейтуді ұсынды.

Аталған бастама жастар ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайтып, халықаралық волонтерлік ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыруға ықпал етуі мүмкін.