Сайлау науқаны қызып тұрған шақта журналист, диктор әрі жүргізуші Дарын Олжабай дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ол сайлаудың ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, Қазақстандағы жаңғыру мен өзгерістерге сенім білдірді. Оның айтуынша, әр азаматтың өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы маңызды.
«Жаңа Қазақстанның өзгерістеріне сенемін. Елдің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижелі болғанын қалаймын», – деді Дарын Олжабай.