Құрылтай депутаты Нұргүл Тау тазалықты бір күндік акциямен шектемей, күнделікті әдетке айналдыру керектігін жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Бүгін «Таза Қазақстан» аясындағы сенбілікке қатыстық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Таза Қазақстан» аумақтарды тазалаудың шеңберінен әлдеқайда асып шығып, жалпыұлттық ауқымға ие болды.
Тазалықты бір күндік сенбілікпен ғана шектемеу керек. Қоқысты қайда тастаймыз, оны қалай жинаймыз, қайта өңдейміз бе - мұның бәрі күнделікті әдетке айналуы керек. Парламентте де осы мәселелерді көтердім. Себебі таза қала - бұл ең алдымен дұрыс жұмыс істейтін жүйе мен әр адамның жауапкершілігі. Елде жыл сайын миллиондаған тонна тұрмыстық қалдық жиналады, ал оның аз ғана бөлігі қайта өңделеді. Қалғаны полигондарға кетеді. Сондықтан тазалықты бір күндік акциямен шектемеу керек. Қоқысты азайту, сұрыптау, қайта өңдеу - күнделікті әдетке айналуы тиіс,- деді ол.