Нұрболат Нышанбай: Білім беру жүйесі уақытпен таласып, бірге өзгеріп келе жатыр

Нұрболат Нышанбай: Білім беру жүйесі уақытпен таласып, бірге өзгеріп келе жатыр
фото: автордың жеке парақшасынан

Білім беру жүйесі де уақытпен таласып, бірге өзгеріп келе жатыр. Олай жасамаса, бәсекеден қалып қою тез-ақ.

Өткен жолы, Колумбиада өткен халықаралық оқушылар олимпиадасында біздің оқушылар 150 елдің ішінен үштікке енген. Тек, Индия мен Қытайдан кейін. Жалпы, биыл оқушыларымыз 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам медаль жеңіп алған. Оның 200-ден астамы – алтын медаль.

Он жыл бұрын басты мәселелердің бірі үш ауысымды мектеп, оқушылардың келесі ауылдың мектебіне барып оқу еді. Мектептерді интернет тұрақсыз, қажетті зертханалар жоқтың қасы еді. Соңғы 1-2 жылда, жекеменшік мектептерден бөлек, мемлекеттік мектептердің сапасының артқаны бірден көрінеді. Соңғы жылдары салынып жатқан, жайлы мектептерге барғанымда, қайта оқушы болғым келген. Оқушы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Нәтиже де оқушылардың үлгерім деңгейінен бірден көрініп жатқандай.

Жыл сайын тамызда мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылына дайындалады. Соңғы кездері, Тамыз кеңесі тек мектепішілік емес, республикалық деңгейде жақсы өтіп жүр.

Бүгін, Астанада, "Тамыз кеңесі 2026" өтіпті. Республиканың әр бөлігінен мықты ұстаздар бас қосқан. Президент, бірнеше ұстазды арнайы орден мен алғыс хатпен марапаттады. Ұстаздар үшін жаңа оқу жылында өте жақсы шабыт беретін шара.

Нұрболат Нышанбай, 

«Тұран» университеті халықаралық қатынастар және дипломатия жоғары мектебінің директоры, саясаттанушы