Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндігі зор

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндігі зор

Астана күніне орай елордадағы «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына арналған «Өмірді сезіне отырып» атты көңілді старт жарысы өтті. Бұл шара Астанадағы №117 жалпы орта білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

- Іс-шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар арасында дене белсенділігін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік белсенділігін дамыту және көтеріңкі көңіл күй сыйлау, -деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс-шараларды өткізу     дирекциясы» КММ   менеджері Гульнара Базарханова. 

Нұра ауданы бойынша спорттық жарыстарға жауапты маман шараға отызға тарта баланың қатысқанын айтты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тағылымды шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайын өтіп тұрады.