«Мерекелік саябақ» қалалық фестивалі өтеді

«Мерекелік саябақ» қалалық фестивалі өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорда күні қарсаңында «Мерекелік саябақ» қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мәдени-танымдық бағдарлама 4 шілде күні Өнер музейінде, ал 5-6 шілде күндері Орталық саябақ аумағында өтеді. 4 шілде күні сағат 12:00-ден бастап Өнер музейінде (Отырар көшесі,1/2) ұлттық мәдениет пен дәстүрлі өнерді дәріптеуге бағытталған шеберлік сабақтары мен мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өтеді. Бағдарлама аясында киіз үй және домбыра жасау бойынша шеберлік сабақтары, жетіген, сазсырнай және өзге де қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында ойнауды үйрету, әлеуметтік билер, флешмоб, сондай-ақ ұлттық ойындар мен танымдық іс-шаралар ұсынылады.

5-6 шілде күндері сағат 12:00-ден бастап Орталық саябақта фестивальдің негізгі бағдарламасы жалғасады. Саябақ аумағында ұлттық болмыс пен заманауи шығармашылықты үйлестіретін арт-нысандар галереясы, стрит-арт аймағы, балаларға арналған интерактивті алаңдар, экологиялық ойындар, қолөнер және шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Фестиваль бағдарламасында балаларға арналған қазақстандық анимациялық фильмдер көрсетіліп, аниматорлар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ойын-сауық шаралары өтеді. Сонымен қатар отбасылық демалысқа арналған крафт ойындар, спорттық және командалық белсенділіктер, шығармашылық аймақтар мен ашық аспан астындағы музыкалық бағдарламалар қарастырылған.