Мемлекет басшысы «ҚР Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы «ҚР Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды
фото: Aqorda

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

2026 жылғы 28 тамыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                                        Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 28 тамыз

             № 1414