Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды
фото: Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған. 

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады. 

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.