Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды

Кеше Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында қаладағы бірқатар маңызды мәселе қаралып, кейбір нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер талқыланды.

Атап айтқанда, елорданың кейбір аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу мәселесі талқыланып, Астана қаласының әкімдігі мен қала мәслихаты бірлесіп қабылдаған кейбір қаулылары мен шешімдеріне өзгерістер талқыланды.

Сондай-ақ бас қаланың жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі қайта қаралды. «Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Астана қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге және оның дизайн-кодын сақтауға бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітуге қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Жиынды жүргізген Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Зулфухар Ғайыпов әрбір мәселеге жіті назар аударып, атқарылып жатқан жұмыс­тарды уақытында әрі жөнімен істеген абзал деп санайтынын ескертті.