Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері марапатталды

Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері марапатталды
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұстаздар күні, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері кәсіби жетістіктері, көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды. Атап айтқанда, 5 оқытушы «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 9 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тағы 7 педагогке «Құрмет грамотасы» берілді.

Сонымен қатар 38 педагог ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларына ие болды.

Аталған марапаттар – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен мәдениет саласындағы білім беруді дамытуға, шығармашылық дәстүрді жалғастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға сіңірген еңбегінің айқын көрінісі.