Креативті индустрия жастардың әлеуетін ашуға ықпал тигізіп отыр

Креативті индустрия жастардың әлеуетін ашуға ықпал тигізіп отыр
фото: synergytimes.ru

Креативті экономика – бұл жаңа жұмыс орындары, заманауи ұлттық контент және қазақстандық мәдениетті әлемге таныту мүмкіндігі. Жас авторды, режиссерді, музыкантты, зерттеушіні немесе әзірлеушіні қолдау – бір адамның бастамасына ғана емес, елдің мәдени дамуына салынған инвестиция. ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның мәлімдеуінше, креативті индустриялардың ел экономикасындағы рөлі жыл сайын артып келеді. Бұл салада мыңдаған кәсіпкер мен маман еңбек етіп, жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр.

«Қазір бұл салада 46 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, шамамен 156 мың адам еңбек етеді. Олар жаңа өнімдер ұсынып, жұмыс орындарын ашып, заманауи ұлттық контенттің қалыптасуына үлес қосып келеді. Сондықтан креативті индустрияларды дамыту - жастардың әлеуетін ашып, олардың елдің экономикалық әрі мәдени дамуына үлес қосуының маңызды бағыттарының бірі»,- деді спикер.