ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 ресми тұмарына арналған республикалық байқау басталды

ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 ресми тұмарына арналған республикалық байқау басталды

Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» бірлесіп ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 ресми тұмарына арналған республикалық байқауды бастайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылар Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Қазақстанда өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатының символына айналатын ерекше, заманауи әрі есте қаларлық кейіпкерді жасауға шақырады. 

Байқауға дизайнерлер, суретшілер, иллюстраторлар, шығармашылық мамандықтардың студенттері, креативті командалар қатыса алады. 

Жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады, Astana 2027 ресми тұмарының авторы атанады, әлемдік спорт тарихының бір бөлшегіне айналу мүмкіндігін алады.

Қатысу үшін info@astana2027.kz электрондық поштасына өзіңіз туралы қысқаша ақпарат жіберіңіз. Жауап ретінде сізге Байқау туралы ереже және қатысу шарттары жолданады.
Дайын конкурс жұмыстары 2026 жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.