Есіл ауданында нысандардағы сыртқы жарнама мен маңдайшаларды елорданың сәулеттік келбетіне сай ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мақсат – қала көрінісін біріздендіріп, ғимараттардың сәулетімен үйлесетін, жинақы әрі заманауи орта қалыптастыру.
Жарнама нысандарын орналастыруға қойылатын талаптар мен елорданың дизайн-коды туралы толық ақпаратты «Астана қаласының Урбанистика орталығынан» алуға болады.