Ақтөбе қаласында үстел теннисінен ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтуде. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген беделді додаға әлемнің 25 елінен 200-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Турнир спортшылар үшін халықаралық рейтингтік ұпай жинауға және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық жарыста «Елорда» спорт клубының спортшылары жекелей сында сәтті өнер көрсетіп, елорда қоржынына екі қола медаль салды.
Жүлдегерлер:
Балзия Таш (8-санат) – қола жүлдегер;
Жанна Алиева (3-санат) – қола жүлдегер.
Айта кетейік, ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі 28 шілдеге дейін жалғасады. Алда спортшылар жұптық және аралас жұптық сайыстарда өзара мықтыны анықтайды.