Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Толқын Тұрсынақынова сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.
+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады.