Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан 4th IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде елордалық спортшы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен 30-ға жуық спортшы қатысып, әлемнің үздіктері өзара бақ сынады.
Аталған әлем чемпионатында Астана қаласының спортшысы Нұрғиса Қуанышұлы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.